10 Мамыр 2024
Страницы КГУ "Общеобразовательная школа имени К.Рустемова" отдела образования Созакского района управления образования Туркестанской области

Мектеп тарихы

Құрал Рүстемов атындағы жалпы білім беретін мектеп тарихы

1936 жылы мектеп бастауыш мектеп болып құрылған

1937 жылы «Сызған» жеті жылдық мектебі болып қайта құрылды

1975 жылы «Сызған» сегіз жылдық мектебі болып өзгертілді

1989 жылы орталау мектеп болып, ал 1990 жылдан бастап орта мектеп болып аталған

1990 жылы мектепке гвардия лейтенанты әскери ұшқыш Құрал Рүстемов есімі берілді

2011 жылдың 11 қаңтар күні Құрал Рүстемов атындағы жалпы орта мектебінің жаңа ғимараты пайдалануға берілді

2023 жылдан бастап Түркістан облысының білім басқармасының Созақ ауданының білім бөлімінің «Құрал Рүстемов атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып өзгертілді

Қазіргі таңда мектепте 0-11 сыныптарда 238 бала оқиды. Оның ішінде:
- МАД тобы - 14;
- бастауыш - 79;
- негізгі - 123;
- жоғары - 22 оқушы оқиды

Мектепте жалпы 39 педагог жұмыс жасайды. Барлығы жоғары білімді. Оның ішінде 7 сарапшы, 5 зерттеуші және 12 модератор білім беріп келеді

 

Жаңалыктар
Пайдалы ақпараттық ресурстар